Біздің өнімдерге тапсырыс беріңіз
Өтінім қалдырыңыз, біздің менеджерлер сізбен байланысады
Нәрестеге күтім жасау - бірінші туған күнінен бастап ерекше назар аударуды қажет етеді, біз сізге жаңа туған нәрестелерге дұрыс және мұқият күтім жасау туралы көбірек білуге көмектесеміз
Нәрестеге күтім жасау мәдениеті
Шомылдыру: Жаңа туған нәрестелерді аптасына екі-үш реттен жиі шомылдырмауға кеңес береді. Балаларға арналған нәзік жуындырғыш құралдарды пайдаланаңыз, aqualan-ды бірінші күннен қолдануға болады. Ваннаның температурасы 37 Цельси градус шамасында болуы керек.
Гигиеналық күтім:
Кіндік жарасына күтім жасау: Кіндік жарасына ерекше мән беру керек. Жөргегін ауыстырған сайын оны медициналық спиртпен өңдеп отырыңыз. Асқынып немесе қанап тұрса, бірден дәрігерге айту керек.
Тырнақ алу: Балаларға арналған жіңішке немесе жаңа туғандарға арналған қайшыларды пайдаланыңыз. Абайсызда жарақаттап алмау үшін, тырнағын бала ұйықтап жатқанда алыңыз.
Емізу: Емшек сүті - жаңа туғандарға ең жақсы қорек көзі болып табылады. Омырауға дұрыстап алып, баланың реакциясын бақылап отырыңыз, омыраудың ұшындағы жарақаттарды емдеуге иісі мен консерванттары жоқ bevita жақпа майы көмектеседі.
Тамақтандыру:
Қосымша сүт беру: Егер жасанды сүттерді пайдалансаңыз, қаптамасындағы нұсқаулықты және дайындаған кезде зарарсыздандыру шараларын сақтаңыз.
Тамақтандыру тәртібі: Алғашқы бірнеше айда нәресте аз-аздан жиі емеді. Қарны ашқан және тойған кездегі белгілеріне назар аударыңыз.
Ұйықтаған кездегі қауіпсіздігі: Баланы қатты жерге жұмсақ жастықсыз және ойыншықтарсыз арқасымен жатқызыңыз. Ол аяқ асты бала өлімі синдромы қатерін азайтады.
Ұйқы:
Жайлылықты жасау: Бөлмедегі жайлы температураны қамтамасыз етіңіз, арнайы ұйықтайтын қаптар мен жылы көрпелерді пайдаланыңыз.
Киім мен орау:
Киім таңдау: Балаға жұмсақ, ауа өткізетін материалдардан, табиғи жіптерден жасалған киімдерді кигізіңіз.
Орау: Дұрыстап орасаңыз, балаға жайлы болады және шошып, мазасыздануын азайтады.
Жанасу: Балаңызды құшақтап, сүйіңіз. Жанасу – ата-ана мен баланың арасындағы эмоционалдық байланысты нығайтуға көмектеседі.
Сөйлесу мен махаббат:
Сөйлесу: Балаңыз сөзіңізді түсіне бермесе де, оған дауысыңызды есту маңызды. Онымен сөйлесіп, ән айтып, кітап оқып беріңіз.
Дәрігерге тұрақты қаралу:
Вакцинация: Вакцинация кестесін сақтап, медициналық қаралуларды уақтылы өтіп тұрыңыздар.
Сұрақ-жауап: Дәрігерге сұрақ қоюға ұялмаңыз. Ата-анасының хабардар болуы – нәрестеге қамқорлық жасаудың маңызды бөлігі.
Жаңа туған нәрестеге күтім жасау - бұл нәзіктік пен сүйіспеншілікке толы ерекше кезең. Гигиеналық күтім, тамақтану, ұйықтау және қарым-қатынас туралы қарапайым нұсқауларды орындау арқылы сіз кішкентайыңыздың денсаулығы мен бақыты үшін қолайлы орта жасайсыз. Әр бала ерекше және әрқайсысына ерекше қарым-қатынас жасау – балаңыздың дұрыс жетілуінің кепілдігі.
Close

Біздің өнімдерге тапсырыс беріңіз

Өтінім қалдырыңыз, біздің менеджерлер сізбен байланысады